2015 жылдың аяғына дейін ЕАЭО-да кеме қатынасы жөніндегі халықаралық шарт әзірленеді
Еуразиялық экономикалық одақта кеме қатынасы жөніндегі халықаралық шарт 2015 жылдың аяғына дейін дайын болады. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өтіп жатқан "Интеграция - дағдарыстан шығу жолындағы жаңа мүмкіндіктер" халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов мәлімдеді деп хабарлайды БЕЛТА.
Ержан Нұрахметов ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттарының бірі көлік қызметтерінің жалпы нарығын және бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру болатындығын айтты. 2016 жылдың аяғына дейін үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы құжат қабылданбақ.
Автомобиль көлігінің саласында мүше-мемлекеттердің басшылары 2015 жылдың 1 шілдесіне таман 2016 мен 2025 жылдар аралығындағы кезеңге арналған тасымалдаушылардың каботажды автомобильдік жүк тасымалдарын орындауды кезең-кезеңмен либералдандыру бағдарламасын қабылдайды, сондай-ақ осы либералдандырудың дәрежесі мен шарттары анықталады.
"Көлік саясатының мақсатты әрі жүйелі іске асырылуы жүктерді жекізу мерзімін қысқартуға, тауардың соңғы бағасында көліктік құрамдаушы бөлікті азайтуға, халықтың мобильділігі мен көліктік қол жтімділікті арттыруға, көлік инфрақұрылымының тар жерлерін жоюға, еуразиялық көлік кеңістігін тарнзиттік тасымалдар үшін экономикалық тұрғыда тартымды етуге мүмкіндік береді, - деді Е.Нұрахметов. - Ал, осының бәріне қол жеткізу үшін үкіметтердің, мемлекеттік органдардың, ЕЭК, шаруашылық субъектілерінің күн сайынғы бірлескен жұмысы қажет".
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024