2015 жылдың І тоқсанында Қазақстанның ЖІӨ-нің бастапқы өсімі 2,2% қамтыды. Тауар өндірісінің көлемі 100,8% деңгейінде қалыптасты, ұсынылған қызметтердің физикалық көлемі 103%-ға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Министрдің айтуынша, жылдың басынан бері инфляция 1,1% болды, өткен жылдың осы кезеңінде ол 3,3%-ды қамтыған-тын. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%-ға, ақылы қызметтер 2,2%-ға артты. Азықтық емес тауарлардың бағасы 0,6%-ға төмендеген.
Елдегі құрылыс көлемі өткен жылға шаққанда 101,9% болды. Ең белсенді құрылыс жұмыстары Алматы облысында жүргізілді – 44,3%-ға өсті, СҚО-да – 29,9%, БҚО-да - 28,2%, Астана қаласында – 23%. Павлодар мен Қарағанды облыстарында құрылыс көлемі біршама төмендеген.
Министр хабарлағандай, елдің халықаралық қорлары наурыз айының соңында 98,8 млрд АҚШ долларын қамтыған және өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеген. Ұлттық банктің алтын-валюталы қорлары 29,1 млрд доллар болды, өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға өскен.
"2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикалық бюджетке түскен түсім 1,42 млн теңге болды және 94,3%-ға орындалды. Түсімнің толық емес болуы республикалық бюджетте қаражаттың жеткілікті болуына қатысты Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің толықтай жұмылдырылмауына байланысты. 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша шығындар жалпы алғанда 1,55 трлн теңге болды және 97,6%-ға орындалды. Республикалық бюджеттің тапшылығы 130,7 млрд теңге және ішкі көздердің есебінен толықтай қаржыландырылған», - деді Е.Досаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024