Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылдың шілде айында Астанада 520 кәсіпорын тіркелген

2015 жылдың шілде айында Астанада 520 кәсіпорын тіркелген

Астана қаласының статистика департаменті таратқан ақпарат бойынша, 2015 жылдың шілде айында қалада 520 жаңа кәсіпорын мен мекеме тіркелген. Бұл жөнінде Астана қала әкімдігі жазады.

Қайта тіркеуден өткен субъектілердің басым көпшілігі "Алматы" (52,3%) және «Сарыарқа» (27,1%) аудандарына тиесілі. "Есіл" ауданының салыстырмалы салмағы 20,6%-ды құрап отыр. Жаңа заңды тұлғалардың 495-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Одан бөлек, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 15-ін қоғамдық бірлестіктер мен қорлар құрайды. Ал, 2 - заңды тұлғалар бірлестігі, 2 - мекеме, 2 - тұтынушы кооперативтері. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың шілде айында тіркелген заңды тұлғалардың басшыларының 370-і ер адамдар, 150-і - әйел адамдар.

Похожие материалы