«Капитал.kz» порталы Қазақстан төңірегіндегі банктердің қызметін дамытуға деген ынтаны және қазақстандықтардың банктерге деген сенімдерін қалпына келтіруге бағытталған "Қазақстанның үздік банктері" рейтингін aнықтады.
Үш жыл қатарынан «Капитал.kz» порталы қаржы институттарының қызметтерін бағалап, жыл қорытындысын шығарып отырады. Олардың мақсаты "Қазақстандағы үздік банктерді" анықтап, клиенттерін және тұтастай қоғамның алдында жұмыстарын бағалап марапаттау. 2015 жыл банк секторы үшін, сондай-ақ бүкіл экономика үшін қиын болды. Дегенмен рейтинг банктердің қаржылық нәтижелері, банк секторына әсері, қызмет көрсетуі мен инновациялық шешімдерінің белсенділік деңгейіне байланысты сараланды. Сондай-ақ рейтинг сайттар мен банктердің әлеуметтік беттерінде жарияланған ақпараттар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды қарап және талдау негізінде жүзеге асырылғандықтан субъективті болып табылады. Қараша айында банк секторында Ұлттық банк төрағасының тағайындалуы "Жыл жаңалығы" номинациясымен марапатталды. "Ең белсенді ойыншы" ретінде RBK Банкі танылды. Ол 2015 жылы банк активтері бойынша 15 орыннан үздік ондыққа көтерілген екен. Kaspi Bank "Клиенттерге ең жақын банк" номинациясын алды. "Ең озық банк" номинациясын Казком банкі иеленді. «Қазақстандағы қаржылық ноу-хау енгізуден ең үздік банк» атағы Центр Кредит Банкіне берілді. «Ең инновациялық қаржылық институт» ретінде Астана банкі танылды. "Өз қызметін жетілдірген, ең белсенді банк" номинациясы АТФ Банкі алды. Ал "Банк нарығындағы ең табысты инвестициялық банк" деп Altyn Bank аталды. "Ең қарқынды дамып келе жатқан ресей банкінің еншілесі" деп Сбербанк-Қазақстан танылды. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024