ЕҚДБ 2015 жылы Орталық Азияға рекордты инвестициялар салды. Бұл туралы ЕҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы инвестициялар көлемі 803 миллион еуроны құраса, 2015 жылы 1,4 миллиард еуроны құрап, 75 пайыз өсім көрсетті. Жобалар саны 71-ден 82-ге дейін өсті. Осылайша ЕҚДБ аймақта жұмыс істей бастаған сәтінен бастап жалпы қаржыландыру көлемі 10 млрд еуродан асты. Инвестициялардың басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. Тәжікстан мен Моңғолия 2014 жылмен салыстырғанда инвестициялар көлемін сәйкесінше үш және төрт есеге ұлғайтты. Қырғызстан мен Түркіменстан 2014 жылғы деңгейді сақтап қалды. Аймақтағы ЕҚДБ инвестициялары бойынша Қазақстан бірінші орында – 708,6 млн еуро. 2014 жылы бұл көрсеткіш 567,5 млн еуроны құраған болатын. «ЕҚДБ Қазақстанда шағын және орта бизнесті қаржыландыру, энергия үнемдеу, қалалық және аймақтық коммуналдық инфрақұрылым және агробизнес секілді экономика секторларында 30 жобаны қаржыландырып, өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтті. Әйел кәсіпкерлер басқаратын кәсіпорындарға кеңестер мен жергілікті банктер арқылы қаржыландыру ұсынатын «Бизнестегі арулар» бағдарламасын ерекше атап өтер едім. Шағын және орта бизнесті қолдау тобы Қарағанды қаласында ЕҚДБ Қазақстандағы сегізінші кеңсесінің есігін ашты»,- деді ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман. Моңғолиядағы инвестициялар көлемі төрт есеге артты, 2014 жылы бұл сома 117 млн еуро болса, 2015 жылы 467 млн еуроға жетті. Тәжікстанға тоқтала кетсек, 2015 жылы инвестициялар көлемі 166 млн еуроны құрады. 2014 жылғы 62 млн еуромен салыстырсақ, үш есеге өскен. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 14 миллион болды. Қырғыз Республикасында ЕҚДБ 2015 жылы 48,6 млн еуро инвестициялады (2014 жылы 34,8 млн еуро). Ал Түркіменстанға Банк 11,9 млн еуро инвестициялады. 2014 жылы дәл сондай көрсеткіш болған еді. Фото:rbc.uaПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024