2015 жылы Kaspi Bank-тің таза пайдасы 15 млрд 466 млн теңгені құрады. Көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 25,5 млрд теңгеге аз. 2014 жылы банктің таза пайдасы 41 млрд теңге болған еді. Бұл туралы банктің жылдық қорытынды есебінде айтылды.
Кірістер мен шығындар туралы есепте банктің пайыздық кірістері 3,4 пайызға өскен. 2014 жылы мұндай кірістер 124,8 млрд теңге болса, 2015 жылы 129,1 млрд теңгені құараған. Өткен жылы пайыздық шығындар 61,6 млрд теңге болса 2015 жылы бұл көрсеткіш 67,8 млрд теңгеден асқан.
Банктің активтері бір жылда 252,3 млрд теңгеден асқан (+24,4%). 2014 жылдың соңында банктердің активтері 1 трлн 033 млрд теңге болса, 2015 жылдың соңында 1 трлн 286 млрд теңгені құраған. Банк активтерінің басым бөлігін клиенттерге берілген қарыздар құрайды. Олардың үлесі 60,8%. 2014 жылы қарыздардың көлемі 75,3% жоғары болған еді.
2014 жылмен салыстырғанда кредиттер көлемі 779,5 млрд теңгеден 782,9 млрд теңгеге 0,4%-ға ұлғайған (3,4 млрд теңгеден жоғары).
Бір жылда банктің міндеттемелері 251,3 млрд теңгеге өскен. 2014 жылдың соңында бұл көрсеткіш 900 млрд 514 млн теңге болған еді. 2015 жылдың соңында 1 трл 151 млн теңгені құрады. Банк міндеттемелерінің ішінде үлестің басым бөлігі 71,0% депозиттер мен ағымдағы шоттағы қаражат құрайды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 79,3% құраған еді. Бір жылда банк 1 млрд теңгеге капиталданған.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024