2015 жылы дағдарысқа байланысты Қазақстан салықтан 231,8 млрд теңгені ала алған жоқ. Себебі мұнай компанияларының салық төлеу мөлшері қысқарған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінен хабарланды.
Ведомстводан мәлімденгендей, мемлекеттегі экономиканың бәсеңдеуі әлемдегі қаржы дағдарысы мен жаһандық нарықтың тұрақсыз болуына байланысты болып отыр.
Осы себепті үкімет бюджетті толтыру үшін мұнай компанияларына салықты арттыруды көздеп отырған жоқ. Өндіріс бойынша салық мөлшері бұрынғы қалпында қалады. "Қазіргі кезде әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты мұнай ұйымдарына салықты арттыру жоспарланып отырған жоқ", - деп хабарланды министрліктен.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылы мұнайшылар тарапынан қазынаға 2,3 трлн теңге түскен. Ал 2013 жылы бюджетке 3,9 трлн теңге түссе, 2014 жылы 4,2 трлн теңгені құрады.
Мұнай компанияларынан түскен салық көлемі (млрд теңге)
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|
Ұлттық қорға түскен салық мөлшері |
3 396,5 |
3 467,4 |
1 613,2 |
Мұнай шикізаты бойынша енгізілген кедендік баж салығы |
528,3 |
716,9 |
647,7 |
Барлығы: |
3 924,8 |
4 184,3 |
2 260,9 |
Фото: ria.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024