Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдан бастап аймақтардағы электр қуатының тарифтері теңдестіріледі

2016 жылдан бастап аймақтардағы электр қуатының тарифтері теңдестіріледі

Энергетика министрлігі келер жылы электр қуатының тарифтері қандай болатынын және бірыңғай сатып алушы жүйесі қалай әрекет ететінін түсіндірді.

"Президент тапсырмасы бойынша бірыңғай сатып алушы жүйесіне көшу кезінде біз энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы компанияларды біріктіру мәселесін қарастыратын боламыз. Яғни қазір осы ұйымдардың тарифтеріне тиесілі бөлік үшін тариф төмендеуі мүмкін", - деп мәлімдеді Астанада өткен брифингте Энергетика министрлігінің электр энергетика департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов.

Оның айтуынша, жақын арада министрлік барлық қажетті есептеулерді жүргізуді жоспарлап отыр.

"Менің ойымша, барлық өңірлер үшін тариф белгілі бір дәрежеде түзетіліп, шамамен бірдей болады, сәйкесінше, бұл тариф, әрине, қазіргіден біршама төмендейді", - деді ол.

Б. Сәрсенов, қазіргі кезде электр қуатының құны "энергия өндіруші ұйымдарға тиесілі" тарифке байланысты қалыптасатынын айта кетті.

"Содан соң "KEGOC" АҚ тарифі деп аталатын ұлттық электр желілері бойынша беру тарифі бар. Содан соң таратушы электр желілік компаниялар бар - бұл 20 аймақтық электр желілік компания, кейбір өңірлерде тағы шамамен 70 энерготабыстаушы компания бар - бұл қосымша үстеме. Тағы бір үстеме бар - энергиямен жабдықтаушы ұйымдар. Электр энергиясы қаншалықты алыс жеткізілетініне байланысты тариф барлық аймақтар үшін әр түрлі", - деді департамент директоры.

Сондай-ақ Б. Сәрсенов 2016 жылдан бастап қазіргі тарифтер екіге бөлінетінін жеткізді: "біреуі - тұрақты бөлік, бұл электр қуатының тарифі, ол инвестицияларды қайтару мүмкіндігінің есебінен салаға жаңа инвестиция жұмылдыруға мүмкіндік береді. Және тарифтің екінші бөлігі - электр энергиясының тарифі".

"Шекті тарифтер бағдарламасына қатысты айтатын болсақ, ол осы жылы аяқталады. Келесі жылдан бастап біз қуат нарығына кіре бастаймыз. Бірақ шекті тариф сақталып қалады деп ойлаймыз. Бірақ қазіргі түрінде емес, мемлекет тарифтердің өсімін болдырмау үшін тарифті бақылауда ұстайды", - деп түйіндеді Б.Сәрсенов.

Похожие материалы