2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы шағын және орта бизнес қолма-қол ақшасыз төлеу терминалдарын пайдалануға міндетті болады. Сәрсенбі күні мәжілістегі 2014 жылы республикалық бюджеттің пайдаланылуын бақылау жөніндегі үкімет пен санақ комитетінің есебін талқылау барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутаттарға министрлер кабинеті пос-терминалдардың енгізілу мерзімін бұдан әрі ұзартпайтындығын жеткізді.
"Бүгінгі таңда төлем карталарын қабылдау міндеті барлықтары үшін емес. Мұндай міндет сауда және бірқатар басқа салалардағы жалпыға ортақ салық салу жүйесіндегі заңды тұлғалар үшін ғана әрекет етуде. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл міндет шағын бизнес үшін де қатысты болады", - деп мәлімдеді Б.Сұлтанов. Бұл ретте ол мұндай міндет патент бойынша және оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтіндер үшін ғана әрекет ететінін айта кетті. "Дегенмен, олардың саны аз емес, шамамен 300 мың кәсіпкер", - деп түсіндірді қаржы министрі. Б.Сұлтанов қазіргі уақытта кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіліп, бизнес көтеріп жатқан проблемалар және олардың жабдықталғандығы талдаудан өткізіліп жатқандығын айтты. "Біз пос-терминалдардың құнын төмендету, байланыс жүйесінің дайын болуы, интернеттің қол жетімділігі секілді және бірқатар өзге мәселелерді мұқият талқылап жатырмыз. Біз бұған дейін мерзімдерді ұлғайтқан болатынбыз, бұл жолы бұдан әрі ұзартуды қажетсіз шара деп есептейміз, пос-терминалдар бойынша талаптарды икемді әрі біртіндеп ендіру мүмкіндігі бар, мысалы, байланыспен қамтамасыз етілген елді мекендер мен салалар бойынша, осы ерекшеліктердің барлығын үкіметтің тиісті шешімдері арқылы ескеретін боламыз. Барлық проблемаларды уақытылы әрі кезең-кезеңмен шешу үшін біз ұлттық банкпен, ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп жұмыс істеудеміз", - деп түйіндеді министр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024