Энергетика министрлігі 2016 жылдың аяғында Қашаған кен орнында өндірісті қалпына келтіру жоспарын өзгерткен жоқ деп хабарлайды энергетика министрінің міндеттерін атқарушы Владимир Школьник.
"Қашағанда жөндеу жұмыстары қатаң кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, ең алдымен сапасыз болып шыққан құбырлар жөнделуде. Біз қазір кестеден 3 аптаға озып келеміз. 2016 жылдың желтоқсанында жұмыстар аяқталуы тиіс, содан соң кен орнын іске қосамыз", - деп мәлімдеді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Қашағанда мұнай шығару 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Алайда 24 қыркүйек күні "D аралынан" "Болашақ" зауытына баратын құбырды жоспарлы тексеру кезінде газдың шығуы байқалған. Қашағанды жұмыстар тоқтатылды. Жөндеу аяқталғаннан кейін 6 қазан күні ұңғымалар қайта ашылды, бірақ 9 қазан күні жүргізілген тексеру барысында тағыда газ жылыстауы анықаталады да жөндеу жұмыстары басталады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024