Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2016 жылдың төрт айында 978 мың тонна бензин өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға жоғары. Ал дизельді отын өндірісі 1,4 млн тоннаны құрап, 0,9%-ға өскен, деп хабарлайды Energyprom.kz сараптамалық қызметі.
Тазартылған мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2016 жылдың қаңтар-сәуір айында 43% -ға артып, 184,9 млрд теңгеге дейін өсті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 129,3 млрд теңгені құрады.
Соңғы жылдарда мұнай өңдеу айтарлықтай төмендеген. 2014 жылғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 29,4%-ға, ал 2015 жылы -15,8%-ға төмендеген. Егер 2016 жылдың төрт айындағы өсім сақталатын болса, нарықта қалыпты динамика орнайды.
2016 жылғы нәтиже бойынша отандық өндірушілар бензинге сұраныстың 73,9%-ын (авиацияны қоса есептегенде), дизельге сұраныстың 94,5%-ын қамтамасыз еткен.
ҚР Энергетика министрлігінің 2016 жылдың сәуір айында бекіткен интерактивті жоспарында мұнайды өңдеу көлемі 425 мың тонна деп көрсетілген. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты 442 мың тонна мұнай өңдеді. Бұл 4%-ға жоғары. Сәуір айында жоғарғы октанды бензинді тиеу үлесі жалпы бензин көлемінің 95,6%-ын, жыл басында 91,2%-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024