Астана. 23 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы 147 мемлекеттік объект жекешелендірілген. Бұл туралы қаржы вице-министр Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
"2016 жылы жалпы құны 30 млрд теңге болатын 147 объект жекешелендірілген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 40 объектіге аз. Коммуналдық меншіктегі 83 ұйым 13 млрд теңгеге, ұлттық басқарушы холдингтердің 22 объектісі 10,8 млрд теңгеге, республикалық меншіктегі 11 ұйым 3,2 млрд теңгеге сатылды", - деді ол Астанадағы қаржы министрлігінің отырысында.
Оның сөзінше, жекешелендіруге Алматы және Астана тұрғындары көбірек назар аударған. Ал коммуналды меншіктегі объектілер Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында белсенді сатылған.
Жалпы Н.Назарбаев тапсырмасы бойынша, 2020 жылға дейін 800 кәсіпорын сатылуы керек.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024