2016 жылы әлемдік экономикалық өсім аса жақсы болмайды. Мұндай болжамды Халықаралық валюта қорының реттеуші директоры Кристин Лагард айтты, деп жазады РИА-Новости.
"Көптеген елдерде қаржы секторы бұрынғыдай әлсіз бола береді. Ал дамушы нарықта қаржылық қауіп төнуі мүмкін. Мұның барлығы 2016 жылғы жаһандағы экономикалық өсімнің аса жақсы болмайтынын және тұрақсыз болатынын білдіреді", - К.Лагард немістің Handelsblatt газетінде жарияланған авторлық сұхбатында.
Оның айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуі, халықтың қартаюы және әлемдегі қаржы дағдарысы өсімге әсер етіп, орташа бағамды әлсіретеді.
Сондай-ақ, Кристин Лагард АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемесін көтеруі, Қытай экономикасы өсімінің бәсеңдеуі әлемдік экономиканың тұрақсыздығына әкеледі деп қауіптенеді. Оның сөзінше, АҚШ-тың монетарлық саясатты реттеуі және Қытай елі экономикасының алға жылжуы басқа елдердің экономикасына оң әсерін тигізеді. Алайда бұл барынша тиімді ұйымдастырылуы қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024