2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1852 кәсіпорнында 50,6 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 7,1 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1688 ұйғарым беріліп, 262,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 6,8 млрд теңге төленді.
Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9680 тексеру жүргізді. 16 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 553 млн теңге сомаға айыппұл салынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024