Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй саны алғаш рет 1991 жылғы көрсеткіштен асты – бір жылда қолданысқа берілген пәтерлер саны 89 мыңға жетті. Бұған дейінгі рекорд көрсеткіш 84,5 мың болып, тәуелсіздік алған жылдары тіркелген еді. Бұл туралы finprom.kz сайты жазды.
Сараптама агенттігінің хабарлауынша, соңғы 2 жылда тұрғын үй құрылысы секторы қарқынды дамып жатыр. 1990-2000 жылдары аталған сала құлдыраудың аз-ақ алдында тұрды да, жаңа тұрғын үй тым аз көлемде салынып, жыл сайын пайдалануға берілетін пәтерлерді саны 16 мыңнан асқан жоқ.
Тұрғын үй саласына ипотека нарығы оң әсер етіп, қазақстандықтар да, баспана салушылар да банктерден көптеп несие ала бастады. Осылайша 2005-2008 жылдары нарыққа жыл сайын орта есеппен 54 мың жаңа пәтер «кірген».
Дағдарыстан кейін құрылыс саласының жағдайы біршама әлсірегенімен, мемлекеттік көмектің арқасында бір қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік болды. Сарапшылар 2015 жылы түрлі бағдарламалар арқасында сектор қайта жандана бастағанын айтады.
Осы жылдың қаңтар-ақпан айында 18 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024