Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы Қазақстан 19,5 млрд доллар сыртқы қарызын қайтаруы тиіс

2016 жылы Қазақстан 19,5 млрд доллар сыртқы қарызын қайтаруы тиіс

Қазақстан резиденттері 2016 жылы жалпы сомасы 19,5 млрд доллар болатын сыртқы қарызын қайтаруы тиіс. 2017 жылдың 30 қыркүйегінен кейін - 117,4 млрд доллар болады. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ұлттық банк көрсеткен мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстанның сыртқы қарызы 155,6 млрд доллар, фирмааралық қарыз 81,6 млрд долларды құраған. Осылайша, есептік кезеңде ЖІӨ-ге қатысты сыртқы қарыз мөлшері 72,4%, фирмааралық қарызды есепке алмағанда 34,4% болған.
Өткен жылдың 30 қыркүйегіне дейін жиналған қарыздан 7,9 млрд доллар 2025 жылдың төртінші тоқсанында, 19,5 млрд доллар - 2016 жылы, 117,4 млрд доллар - 2017 жылдың 30 қыркүйегінен кейін өтеледі.
Ұлттық банктің ақпараты бойынша, 2015 жылғы 30 қыркүйекте сыртқы қарыздың 89%-дан артығы шетел валютасында көрсетілген.

Похожие материалы