Доллардың қалай өзгеретіні 2017 жылы да өзекті тақырыптың бірі болады. 2016 жылы онсызда 20%-ға дейін өсім көрсеткен доллар курсы биыл басқаша болуы мүмкін. Яғни АҚШ Президенті Трамптың жаңа саясаты 20 жылдан бері қалыптасқан "доллар қымбат" деген қағиданы өзгертуі ғажап емес. Saxo Bank-тің бас сарапшысы Стин Якобсен осындай болжам айтады.
Сонымен сарапшының сөзінше, 2017 жылғы басты өзгеріс Трампомания. Бұл АҚШ-тың күн тәртібін анықтайтын сөздердің қатарына енді. Осы жылдың жаңа хиты деуге болады. Біз Дональд Трамптың жаңа саяси шаралары қандай болатынын болжағанымызбен әлемдегі басты мәселелер төмендегідей қала береді:
- Доллар курсы қандай болады?
- 2017 жылы юань мен Қытай экономикасын не күтіп тұр?
- Трамп пен Брекзит әлемге қандай жаңа өзгерістер алып келеді?
Бұл мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы қайсысы? Әрине доллар курсының өзгеруі. Себебі әлемдік транзакциялардың 75%-ы долларға тиесілі және біз осындай оңайлатылған жаһандану әлемінде өмір сүріп жатырмыз.
Сондықтан америкалық валюта жыл сайын 20%-ға нығаяды. Бірақ бұған кері реакция да болуы мүмкін. Егер мөлшерлеме бірден көтерілетін болса бұдан АҚШ экономикасы әлсірейді. Тиісінше, бұл әлемдік экономиканың әлсіреуіне алып келеді. Яғни дамушы елдер доллар курсының жоғары болуына байланысты кредитті аз алады, кредитті алған күннің өзінде оны төлеу қиын болады. АҚШ-қа келетін ақша ағыны азаяды.
Жалпы шетелдік компаниялар дамушы нарықтың компанияларына 3,6 трлн доллар қарыз берген. Ал осы қарыздың 50%-ы Қытайға тиесілі.
Стин Якобсеннің сөзінше, рецессия қауіпі өсіп келеді. Себебі Оңтүстік Африкадағы NedBank өкілдері Нилс Хейнк пен Мехул Дайя рецессияның жаңа моделін жасап шыққан. Якобсеннің түсіндіруінше, бұл модельде ақша-несие шарттары мен негізгі факторлар есепке алынған. Модельге сәйкес, рецессия ықпалы - 60%, ал нарықтағы болжам 5-8% ғана.
Сонымен 2017 жылы Американың жаңа Президенті сауда жүйесін, елден тыс орналасқан әскерилерді, 1970 жылдан бері жалғасып келе жатқан Қытайға деген қарым-қатынасты жаңа жүйеге өзгертуді жоспарлап отыр. Ал Қытай болса штаттың берген мұндай мүмкіндігін жібермейді, курсты өзгертуге тырысады. Қытайлық көшбасшылар сыртқы саясат және инвестиция мәселелеріне келгенде ашық емес. Бірақ ішкі қарыздар мен капиталдың жылыстауына әлемнің назарын аудартуы мүмкін.
Стин Якобсеннің ойынша, Трамп әкімшілігі "әлсіз доллар" саясатын ұстанады. Әрине Қытай валютасының, басқа да валюталардың тым арзан болуынан доллардың қымбат екенін көруге болады. Алайда Дональд Трамп 1990 жылдың ортасында сол кездегі қаржы министрі Роберт Рубин қалыптастырған қағиданы өзгертеді.
Бұл 1970 жылдары қалыптасқан Никсон доктринасын еске салады. Себебі 1971 жылы АҚШ-тың қаржы министрі Джон Коннэли 10% көлемінде импорттық баж салығын енгізді Жалақы мен бағаларға 90 күнге мораторий енгізді.
Сарапшының сөзінше, бұл Трамптың да қолға алатын ісі болуы мүмкін. Ол сауда және корпоративтік салық бойынша өзінің жаңа саясатын ұсынады.
Яғни Трамп 70-ші жылдардағы саясатты ұстанады. Бұл кезде америкалық саясат бизнеске үлкен мән берді, шекаралар жабылған еді. Салдарынан рецессия басталды(1973-75 жыл), ал доллар режимінің қандай болғаны туралы АҚШ-тың экс-қаржы министрі Коннэли Римдегі үлкен ондықтың жиналысында «доллар біздің валютамыз, бірақ сіздердің проблемаларыңыз» деген. Бұдан кейін АҚШ-та Бреттон-Вудс жүйесі құлады және доллар 20%-ға құлдырады.
Сонымен 2017 жылдың 1 тоқсанында Трамптың доктринасы қалыптсасады. Нәтижесінде құбылмалық және барлығында геосаяси тәуекелдер пайда болады. Ақша-несие саясатының жаңа кезеңі басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024