Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылдың бірінші жарты жылында шетелдік инвестициялардың ағымы 10,5 млрд долларға жетті

2017 жылдың бірінші жарты жылында шетелдік инвестициялардың ағымы 10,5 млрд долларға жетті

Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында тартылған шетелдік инвестиция ағымы 10,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық банктің ақпаратына сен, үш жылдық құлдыраудан кейін 2016 жылы шетелдік инвестициялар ағымы 21 млрд долларды құрап, айтарлықтай өсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға жоғары көрсеткіш. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ИДМ Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, қолайлы инвестициялық ахуал жасау және өңдеуші секторға және оған тиісті қызметтерге бағытталған инвестицияларды тартуды көздейтін Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірлеп, қабылдады. 2022 жылға қарай мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізіледі: 1) ТШИ-дың жалпы ағыны 1,26 есеге артады; 2) 2022 жылы шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының ЖІӨ-ге қатынасы 19%-ға дейін ұлғаяды; 3) Тиімділікті арттыруға бағытталған ТШИ (ТШИ-дің өңдеу өнеркәсібіне жалпы ағыны) 1,5 есе ұлғаяды; 4) Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюджетті қоспағанда) 1,46 есеге артады; 5) Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың көлемі 1,5 есе ұлғаяды.    

Похожие материалы