Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтті. Онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды деп хабарлайды ИЖДМ баспасөз қызметі.
2017 жылдың басынан бері 1,9 триллион теңгелік 127 жоба іске қосылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС зауыты ашылды. Атырау облысында («Жігермұнайсервис» ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі іске қосылды. Тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашты, Шығыс Қазақстан облысында «Восток-Молоко» ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешенін модернизациялады, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Агро» ЖШС-де жаңа құс фабрикасы іске қосылды. Жамбыл облысында «Шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа секторлары» бағыты бойынша «Оргстрой» ЖШС гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу жөніндегі өндірісін ашты. Алматы облысында «Psi Stroy Industriya» ЖШС металл конструкцияларын шығаратын зауытты іске қосты, Коринская ГЭС баламалы энергетикалық жобаны іске қосты. Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын «Recycling Company» ЖШС жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Құрық порты (Маңғыстау облысы) паромдық терминалының бірінші кезеңін іске қосты. Сондай-ақ, Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес, өз авиалайнерлері мен басқа да әуе компанияларының ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін «Эйр Астана» авиациялық техникалық орталығы жұмыс істей бастады. Маңғыстаудағы «Ақтау - Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» учаскесі іске қосылды. «Continental Logistics Shymkent» ЖШС Шымкентте ірі көлік-логистикалық орталығын салды. Бұдан бөлек, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Ақтөбе облысындағы газды жер астында сақтайтын "Бозой" қоймасында газды кептіру қондырғысын іске қосты. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы легирленген алюминий өндірісі мен осы алюминийден автомобиль дискілерін шығаратын «Giessenhaus» ЖШС өндірісін іске қосуға пәрмен берді. Сондай-ақ, «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ дәнекерлеу құбырлары өндірісі (Маңғыстау облысындағы Ақтау теңіз порты АЭА), «Химфарм» АҚ (Оңтүстік-Қазақстан облысы) қатты дәрі-дәрмек нысандарының жаңа цехы, Қызылорда облысындағы «Gejuba Цемент» ЖШС цемент зауытын салу және Атырау облысындағы мұнай-химия өндірісінің «Kazakhstan Petrochemica lIndustries» ЖШС құрылысы бар. "Еуразиялық топ" (ERG) өндірісті технологиялық жаңарту жобасы аясында Қостанай облысының Қашар кенішінде ақылды карьерді іске қосты. "Қазмырыш" корпорациясы Шығыс Қазақстан облысындағы Малеев кен орнында Pitram жүйесін іске қосты, "Алтыналмас" компаниясы Жамбыл облысында интеграциялық тұғырнаманы іске қосты. Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы "Инновациялық Технологиялар Паркінде" дербес кластерлік қордың "Сандық зертханасы", Астанадағы "Назарбаев Университетінде" робот техникасының зертханасы ашылды. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында 4400 адам жұмыспен қамтылған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024