Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы 413 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды

2017 жылы 413 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды

Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы 500 мыңнан астам қазақстандық «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

20 желтоқсанда Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың алдын-ала нәтижелері туралы, сондай-ақ өңірлерде жұмыспен қамтуды кеңейтудің жоспары туралы баяндады.

Бағдарламаға қатысқан 500 мыңнан астам қазақстандықтардың 50 пайызы ауыл тұрғындары. Жалпы алғанда 11 айда 413 мыңдай қазақстандық жұмыспен қамтылса, оның 279 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша азаматтарды жаппай оқыту ұйымдастырылды. Соның шеңберінде барлығы 90 мыңнан астам адам қамтылды.

Оқытудың нәтижелерін қорыта келе, министр азаматтарды жұмысқа орналастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Қысқа мерзімді оқыту жұмыстарына аймақтардан 402 колледж, 77 жұмыс беруші тарапынан, 5 мобильді оқыту орталығы жұмылды. Бүгінде 43,5 адам қысқа мерзімді оқудан өтіп, олардың 49 пайызы жұмысқа орналастырылды. 6 аймақта – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында оқудан өткендердің 57,5-тен 87 пайызға дейінгі шоғыры жұмысқа орналасты. Ал, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында тұрғындардың жұмысқа орналасу деңгейі төмен қалып отыр», - деді министр.

Бағдарламаның екінші бағыты – ҰКП-ның кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және кәсіпкерлікке үйрету бағытындағы «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде 15 мың адам қамтылды.

Шамамен 7 мың адам жалпы көлемі 37 млрд теңге несие алды. Олардың 4 мыңдайы жеке ісін ашты.

«Келесі жылы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың арасында «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша қатысатын адам санын екі есеге арттыру жоспарланған (30 мың адамға дейін). Бұл шағын несие алуға үміткерлердің санын 11 мыңға, ал берілетін несие көлемін 40 млрд теңгеге дейін арттыруы мүмкін», -  деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Похожие материалы