Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Парламенті мәжілісінде өткен үкімет сағатына қатысты. Министр онда депутаттарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы баяндады.
2020 жылға дейінгі көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен біріктірілген.
«Енгізілген өзгерістер бойынша 2017-2019 жылдары ұзындығы 4,4 мың шақырым, құны 1,7 трлн. теңге болатын 23 жобаны іске асырылмақ. Биылғы жылы автожолдар реконструкциясына 356,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде ұлттық қордың үлесі 143,5 млрд. теңге», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Астана – Қарағанды, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Орталық – Батыс, Қапшағай – Талдықорған, Петропавл – РФ шекарасы және Орал – Каменка сияқты ұзақтығы 602 шақырым болатын 7 ауыспалы жобада жұмыстар жалғасып, биылғы жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
Министр атап өткендей, республикалық бюджет және халықаралық қаржы институттарының (ХҚИ) қаражаттары есебінен жалпы ұзақтығы 3,2 мың шақырым болатын 16 жаңа жобаның реконструкциясы басталады. Олар: Ақтөбе – Мақат, Атырау – Астрахань, Күрті – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Балқаш, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жаңаөзен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Бейнеу – Ақжігіт, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Зеренді, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Осинов асуы, Таскескен – Бақты.
Жалпы автожолдар реконструкциясы жұмыстарына 100 мыңнан астам адам тартылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024