Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда 2017 жылы туризм дамып жатыр. 9 ай бойы елге көптеген шетелдік туристер келді. Бір жыл ішінде Қазақстан Республикасына келушілер саны 18 пайызға өсті, деп мәлімдеді finprom.kz.
Ішкі туризм секторында да белсенділік байқалады. Бір жыл ішінде елде демалатын азаматтардың саны 25 пайызға артты.
Қазақстан халықаралық туризм картасында өз позициясын нығайтты. 2017 жылдың 9 айында республикаға 5,8 млн шетелдік туристер келген. 5 жыл ішінде кіріс туризм көрсеткіші 5 миллион адамнан аспаған. Бұл жаңа рекорд.
2016 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 18,1 пайызға, нақтырақ адам саны бойынша есептесек 894 адамға артты.
Шетелдіктердің Қазақстанға деген қызығушылығы қазақстандықтарды да ынталандырады. Көп азаматтар шет елде емес, өз еліміздің ішінде дем алуды таңдайды. 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық туристер саны 4,4 млн адамға жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 25 пайызға артық.
Сондай-ақ, туристтер саны артқан сайын қонақ үй, мейрамхана бизнестері дамып жатыр. Мысалы, 2017 жылы әр түрлі деңгейдегі (жұлдызды) қонақ үйлер 3,9 млн нөмірі өткізілген. Ал, бұл дегеніміз 2016 жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға артық.
Көбінесе келген туристтер 5* қонақ үйдің нөміріне тапсырыс береді. 2017 жылы бұл тапсырыс көрсеткіші 50,5 пайызға жеткен. Ал салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 4* қонақ үйлерге 33,9 пайыз, 3* қонақ үйге 31,9 пайыз, 2* - 18,4 пайыз және 1* - 21 пайыз тапсырыс берілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024