Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Айналыстағы төлемдер карточкалары жыл ішінде 17,7 пайызға (2,7 млн) өсті. 2017 жылдың қазан айының соңында 18,2 млн бірлікті құрады. 2016 жылы, керісінше, төлем карточкаларының саны 7,1 пайызға (1,2 млн) азайып, 15,5 млн теңгені құраған, деп мәлімдеді ranking.kz.
Олардың ішінде белсенді карточкалар саны 9,2 млн бірлік болды. Жыл ішіндегі өсім 14,2 пайыз (1,1 млн) құрағанымен, 2016 жылмен салыстырғанда 10,2 пайыз (0,7 млн) болған. Айналыстағы карточкалардың жалпы санындағы белсенді карточкалардың үлесі 50,6 пайыз құрайды.
Қазақстан Республикасының өңірлерінің арасында белсенді карталардың ең көп саны Алматыда байқалған. Анықталған белсенді карталар саны 2,9 млн бірлікті көрсеткен. Жыл ішінде өсім 30,8 пайыз (680,6 мың) болды. Қазақстан Республикасынан үлесі 27,3 пайыздан 31,3 пайызға дейін өсті.
Одан кейін ОҚО-ында 796,2 мың белсенді карточка бар. Жыл ішіндегі өсімі 10,4 пайыз (75,3 мың). ҚР үлесі 8,9 пайыздан 8,6 пайызға дейін кеміді. Ал, Қарағанды облысында 674,9 мың бірлік. Бір жылдағы өсім 4,9 пайызға (31,7 мың) жетті. ҚР үлесі 8 пайыздан 7,3 пайызға дейін төмендеді.
Белсенді карточкалар санының өсуімен қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі артып келеді. 2017 жылдың қаңтар-қазанында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі соңғы 10 жылда 86,7 пайызға (898,2 млрд.) өсіп, 1,9 трлн теңгені құрады. Бұл өте жоғарғы көрсеткіш. 2016 жылы бұл көрсеткіш 59 пайыз (384,3 млрд теңге), нақтырақ айтқанда, 1 триллион теңгеге дейін ғана жеткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024