IT, Технология
2017 жылы "Инновациялық технологиялар паркінде" 161 компания тіркелген
Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының отырысында паркке тіркелген компаниялар туралы айтылды.
Отырыс барысында "Инновациялық технологиялар паркі" дамытудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасының негізгі және жаңа салаларына инвестициялар тарту шаралары талқыланды.
"ИТП" ДКҚ-ның стратегиялық міндеттері трансұлттық компаниялармен бірлесіп технологиялық даму орталықтарын құрудан тұрады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша "ИТП" АЭА-да 161 компания тіркелген.
"Инновациялық технологиялар паркі" ҚР Үкіметі 2015 жылдың 10 сәуірінде құрды. "ИТП" ИК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы — ҚР Президенті. Басқару комитетін ҚР Премьер-Министрі басқарады.