БҰҰ дамыту бағдарламасы мен Қазақстанның Инвестициялар жөніндегі министрлігі 2017 жылы энергия үнемдеу бойынша қор құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы БҰҰДБ және ҚР Үкіметі жобалары менеджері Александр Белый «Қала қалдықтарын басқару саласында МЖС енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері» атты семинар-кеңес барысында мәлімдеді.
«Инвестициялар және даму министрлігімен түрлі жобаларды қаржыландыратын айрықша қаржы құралы - энергия үнемдеу бойынша қор құру жұмыстарын атқарып жатырмыз», - деді А.Белый.
Сондай-ақ, ол қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несие бойынша кепілдіктер ұсыну сияқты қолдау шараларын ұсынатынын айтты. Қорды құруға Дүниежүзілік банк қатысады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024