Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы 2 млн-нан астам зейнеткерлердің зейнетақы көлемі 20 пайызға дейін артты. Ал, жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 1,6 трлн теңге болды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өсті.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарланады. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап, зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады.
2018 жылы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 трлн-нан астам теңге қарастырылып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024