20 жыл бұрын жол талғамайтын көліктер тек пайда ушін қолданылғанын елестету қиын. Олардың негізгі тұтынушылары әскери, түрлі мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ аңшылар, балықшылар және жабайы табиғатты сүйетін адамдар болды. Сол жылдардағы жол талғамайтын көліктер көбіне спарталық түрде жасалған. Бірақ бүгінде әлемдік брендтердің көшбасшысы саналады. Сондай-ақ, байлық пен молшылықты бейнелейді. Сонымен, Forbes құны 100 000 доллардан асатын жол талғамайтын автокөліктер топтамасын жасады.
BMW X5 M
Бұл үлгінің бағасы АҚШ-та 101 мың доллардан басталады. Қосымша жабдықтардың толық жиынтығы тағы 22 мың долларды құрайды. Ресейде осындай автокөлік құны 7 млн рубль тұрады.BMW X6 M
Шын мәнінде, X5-тің қайта жасалғаны болғанымен, бұл үлгі қуатты, әрі сәнді. АҚШ-та 104 мың доллар, ал Ресейде 7,4 млн рубль тұрады.Volvo XC90 T8 Twin Engine Hybrid Excellence
Бұл тізімдегі жалғыз гибридті автокөлік 105 мың доллар тұрады. Бұл кроссовердің бұл нұсқасы Ресейге жеткізілмейді. Көлік барлық қол жетімді қосымшалармен жабдықталған.Mercedes-Benz GLE AMG 63 S 4MATIC Coupe
Орташа көлемдегі салтанатты жол талғамайтын көліктің негізгі нұсқасы 112 850 доллар тұрады. Қосымша жабдықтардың жиынтығы 18 000 долларды құрайды. Ресейде бағасы 8,1 млн рубльден басталады.Mercedes-Benz GLS AMG 63 S 4MATIC
Барлық нұсқалары бар толық өлшемді көлік АҚШ-та 141,000 доллар тұрады. Ал, Ресейде 584-қуатты қозғалтқышы орнықтырылған үлгісінің құны 9,95 млн рубльді құрайды.Tesla Model X P100D
Бір қызығы, қосымша опциялардың кейбірі электромобильде бастапқы кезден орналасқан (мысалы, автопилот). Бірақ оларды белсендіру үшін қосымша ақы төлеу қажет. АҚШ-та базалық X үлгісі 141,000 доллар тұрады. Толық жинастырылғаны 173 000 доллар тұрады. Ресейге ресми түрде жеткізілмейді.Porsche Cayenne Turbo S
Әлемдегі ең спорттық жол талғамайтын көліктің бағасы 162 000 доллар. Барлық қосымша опциялармен 233 000 доллар тұрады. Ресейге Turbo S-тің бір ғана жиынтықталған үлгісі жеткізіледі. Оның құны 12 млн рубльді құрайды.Land Rover Range Rover SV Autobiography
Премиумды британдық жол талғамайтын көліктің ең сәнді нұсқасы, тапсырыс берілген қосымша жабдықтарына байланысты 178,000 - 190,000 доллар тұрады. Ресейде толық жиынтығымен жабдықталған жол талғамайтын көліктің бағасы 12,25 млн рубль тұрады.Mercedes-Benz G-Class AMG G 65 4MATIC
Неміс армиясының бұрынғы әскери машинасы luxury SUV-тың құны 200 000 долларға жетті. Негізгі нұсқасы 221,000 доллар тұрады. Ал, толық жиынтықталғаны 242,000 долларды құрайды. Ресейде осындай жеңіл автокөлік бағасы 21 млн рубль.Bentley Bentayga Mulliner AWD
Mulliner тюнинг-ателінде дайылдалған Bentayga жол талғамайтын көлігі АҚШ-та 357,000 доллар тұрады. Дегенмен, клиенттің қалауы бойынша 160,000 доллар шегінде өзгереді. Ресми түрде Ресейге жеткізілмейді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024