Экономика
Авто
2018 жылдан бастап "Астана-1" кедендік декларациялау жүйесі толық режимде жұмыс істейді
Астана. 3 қазан. 7kun.kz — 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Астана-1" кедендік декларациялау жүйесі толық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді деп хабарлады primeminister.kz.
Сонымен қатар, министр енді республика бойыша барлық транзит жаңа жүйе бойынша рәсімделетінін айтты. Өткен екі күнде жаңа жүйеде 1 157 декларация рәсімделіп, рәсімдеудің орташа уақыты 16 минутты құраған. Бұл алдындағыға қарағанда 4 есе аз.
«Бұдан өзге, бизнес жаңа жүйеден қаражатты нақты үнемдеуді сезе бастады. Себебі алдын ала ақпарат транзиттік декларациялауға трансформацияланды және енді рәсімдеуге екі мәрте уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ», - деді ол.
Айгүл Хожантаев
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024