Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылдан бастап коммуналдық тарифтердің бағасы өседі

2018 жылдан бастап коммуналдық тарифтердің бағасы өседі

Астана. 25 қыркүйек. 7 kun.kz — Қазақстанда 2018 жылдан бастап коммуналдық қызметтерге тариф бағасы өседі. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Тариф құны инфляцияға байланысты өзгереді. Ал инфляция көлемі бір пайыздан аспайды. Оған қоса еліміз ұзақ мерзімді тарифтерге көшкен. Бұл туралы инвестициялар энергетиканы реттеу бойынша ERRA-ның 16-шы конференциясында айтылды.

Вице-министр қай қызмет түріне тариф қымбаттайтынын нақты айтқан жоқ.

ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасарының сөзінше, тарифтер құнында айтарлықтай өзгеріс болмауы тиіс.

Қазақстанда алғаш рет өтіліп жатқан үш күндік форумда тариф бекіту саясаты мен осы салаға инвестиция тарту жан-жақты талқыланады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы