Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Эйр Астана» мен «Қазатомөнеркәсіптің» IPO-ға шығарылатын уақыт белгілі болды

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкімет сағаты өтіп, онда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Жекешелендіруді жүргізу барысы туралы» баяндама жасады деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі.  Тимур Сүлейменов өз баяндамасында 2018 жылы IPO-ға шығатын ұйымдар туралы айтты. 7 ұлттық ірі компанияны жекешелендіруге ерекше көңіл бөлініп отыр, олардың 3-уі IPO/SPO ықтимал мәмілелеріне дайындалуда. Атап айтқанда 2018 жылдың 1-жартыжылдығының соңына дейін Қазақтелекомның акцияларын орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп пен Эйр Астананың 2018 жылдың 4 тоқсанына қарай IPO-ға шығуы жоспарлануда. Бұл ретте орналастырулардың түпкілікті мерзімі компаниялардың қаржылық жағдайы, макроэкономикалық жағдай, шикізаттың әлемдік бағалары ескеріле отырып белгіленетін болады. "ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго, Қазпочта және ҚТЖ компанияларына қатысты 2019-2020 жылдары жүргізу жоспарланып отырған ықтимал IPO/SPO-ның түйінді параметрлерін айқындау жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің акционерлік капиталының ішкі нарығын дамыту және оның өтімділігін қамтмасыз ету IPO мақсаттарынің бірі. Сондықтан ұлттық компаниялардың акцияларын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында орналастыру басым нұсқа болып табылады"-деді Ұлттық экономика министрі.  

Похожие материалы