Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың желтоқсанында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді қайта сату 2,4%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді қайта сату 1,9%-ға өскенін айтты. Тұрғын үйді жалға алу ақысы 6%-ға жоғары болды.
Айта кетейік, тұрғын үй нарығындағы бағаны бақылау Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса алғанда, қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операциялар жасайтын ұйымдардың іріктелген тобы бойынша жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024