Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы 14,7 млн гектарға дәнді дақылдар себіледі

2018 жылы 14,7 млн гектарға дәнді дақылдар себіледі
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндады деп жазады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  Алдын ала деректер бойынша биыл жалпы егістік алқабы 21,8 млн гектарды құрамақ, бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгеймен шамалас. Дәнді дақылдарды 14,7 млн гектарға, оның ішінде бидайды — 11,4 млн гектарға себу жоспарланған, бұл 2017 жылғыдан 544 мың гектарға аз. Бұл ретте жемшөп дақылдары осы көлемге көбейетін болады, жемдік дәнді дақылдар 2,5 млн гектарға себіледі, бұл өткен жылғыдан 49 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 2,6 млн гектарды құрайды. Картоп алқабы да оң өсу динамикасын көрсетіп, 210 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 15% артық. «Қазіргі таңда көктемгі егіс барлық жерде толық қарқынмен жүріп жатыр. 21 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдар жоспарланған алқаптың 31 пайызға, майлы дақылдар – 50 пайызға, көкөніс-бақша  дақылдары – 77 пайызға, картоп – 55 пайызға егілді. Қант қызылшасы мен мақта егу жұмыстары аяқталды», — деді Арман Евниев.
 

Похожие материалы