Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысындағы баяндамасында айтты.
Министрдің айтуынша, Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 10,5 пайызға өсіп, 15,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі (2015 жылдың тиісті кезеңіне)1,9 пайызға өсті және 22,3 мың АҚШ долларды құрады.
2017 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға өсіп, 981,6 млрд теңгеге жетті.
3 жылда (2015-2017жж.) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн теңге қаржыға 378 жоба іске қосылып, 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
«Жалпы, 2017 жылы 1,5 трлн теңге қаржыға 120 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ биыл құны 51,5 млрд теңге болатын«Проммашкомплект» ЖШС (Павлодар облысы)теміржол доңғалақтары өндірісінің кешені және құны 27,7 млрд теңге болатын үлкен диаметрлі болат құбыр өндіретін«Эйжа Стил Корпорейшн» ЖШС (Алматы қ.) зауытысияқты индустриялық жобалар іске қосылады»,-деді министр.
2018 жылдың соңына дейін 1 трлн теңге қаржыға 150 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асса шамамен 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024