Вирустық гепатиттің емі үшін, Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. 2018 жылы Тенофовир препараты вирустық гепатитті емдеу үшін сатып алынады. ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен жеткізілім туралы шарттың шеңберінде жеткізілетінін айта кетейік.
Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес, Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2018 жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024