Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 54,4 пайызға артып, 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
«Өндірістің негізгі капиталына құйылған инвестиция 84,4 пайызға өскен. Сонымен бірге, тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі капиталға құйылған инвестицияның 94,5 пайызға артқаны белгілі болды. Өңдеу саласына тартылған инвестиция көлемі 72 пайызға артты. 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында сыртқы инвестиция 160,3 млрд теңгеге артып, 361,5 млрд теңгені құрады», - деді Арыстан Қабыкенов.
Жоспарланған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуін қамтамасыз етудің басты мақсатына қол жеткізу үшін 2025 жылға дейінгі (2018 жылы -4+ пайыз) мақсатты көрсеткіштер белгіленді. 2018 жылы республикалық деңгейдегі негізгі капиталға құйылатын қажетті инвестицияның өсу қарқыны - 5,1 пайыз. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары жандандырылып жатыр.
«Қазіргі уақытта министрлік «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрды. Бұл тізімге шетелдіктердің қатысуымен 140 жоба және отандық инвесторлардың (Қазақстан) қатысуымен 518 жоба енді. Биыл жалпы құны 6,5 млрд АҚШ долларынан асатын 298 жобаны іске қосу, сондай-ақ жалпы құны 11 млрд АҚШ долларын құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын (199 жоба) іске қосу жоспарланып отыр», - деді вице-министр.
Елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірленді. Бүгінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген елдердің саны 61-ге көбейді, сондай-ақ, 2018 жылдың соңына қарай Астана мен Алматы әуежайлары арқылы өтетін қытайлық азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді. Қазіргі уақытта Үндістан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу мәселесі қаралуда.
Биыл елімізде инвестициялық климатты одан әрі жетілдіру үшін заңнамалық пакет қабылданады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024