
Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Алматы әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім 2018 жылы айналымнан 13,3 млн теңгенің жалған тауарларын алып тастаған, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 13 млн 270 мың 203 теңге болатын 12839 бірлік және 1,976 кг азық-түлік алынып тасталды», - деп жазылған әділет департаменті баспасөз хабарламасында.
2018 жылы тексеріс барысында LouisVUITTON (сөмкелер), Hyundai, KIA СTR, SKF автобөлшектерін, Colgate тіс пастасын, Тойота/ Лексус бөлшектерін, StarLine автомобиль дабылқаққышын, Mobil мотор майын, SchneiderElectric, Samsung сияқты брендтердің жалған тауарын заңсыз сату фактілері анықталған.
Тексеріс қорытындысы бойынша, 45 әкімшілік іс қозғалды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты барлық кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2 млн 991 мың 820 теңге көлемінде айыппұл салған.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025