Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы баспаханалар 11 млрд теңге көлеміндегі өнім шығарды

2018 жылы баспаханалар 11 млрд теңге көлеміндегі өнім шығарды
Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - Қазақстандық баспаханалар 2018 жылдың бірінші кварталында 11 млрд теңге көлеміндегі өнім шығарды деп жазады finprom.kz. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 39,8 пайызға көп. Полиграфиялық өнімдердің 71,4 пайызы Алматыда жасалады. Қаңтар-наурыз аралығында Алматыда 7,9 мрлд теңге көлеміндегі баспахана өнімдері шығарылды. 2017 жылдың бірінші кварталында бұл көрсеткіш 5,1 млрд теңгеге тең еді. 2018 жылы жасалған баспа өнімдерінің 6,5 пайызы Астанаға тиеселі. Астанада 719,7 млн теңге көлеміндегі өнім жасалған. Былтыр бұл көрсеткіш 563,1 млн теңге еді. Үшінші орында Қарағанды облысы. Қарағандыда Қазақстанның жалпы полиграфиялық өнімінің 3,1 пайызы шығарылады. Теңгеге шаққанда өнім көлемі 343 млн теңгені көрсетті.

Похожие материалы