Астана. 20 қазан. 7kun.kz - 2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 пайызға өседі деп мәлімдейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі уақытта екі миллион қазақстандық зейнеткер 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алған.
«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрады. Сонымен бірге, ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымы қайта қарастырылып, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша да жәрдемақы мөлшері көбейтілетін болады. Бұл аталған жәрдемақы түрлерін алушы 570 мың адамға қатысты», - дейді вице-министр.
Келесі жылы ынтымақты зейнетақыны болжамды инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары көтеру жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024