Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы 11 айда халықтың нақты кірістерінің өсуі 4,4%-ды құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин хабарлады.
Тутушкиннің айтуынша, инфляцияның негізгі факторы - ішкі сұраныстың кеңеюі. «Халықтың нақты кірістерінің өсуі 2018 жылғы 11 айда 4,4%-ды құрады. Ішкі сұраныстың кеңеюіне 2019 жылы жалақысы төмен қызметкерлер үшін ең төменгі жалақының көтерілуі және салықтық жүктеменің төмендеуі себепші болады», - деді директор. Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілінің хабарлауынша, тұтынушылық кредиттеу көлемінің өсуі қарашада жылдық көрсеткіш бойынша 11%-ды құрады. Экономиканы кредиттеудің одан әрі өсуіне 2017-2018 жылдары жүргізілген банк секторын қалыпқа келтіру және реттеу мен қадағалаудың жаңа тәсілдері себепші болады. 2019 жылы кредиттік портфелдің номиналдық ІЖӨ жоғары қарқынмен өсетіні күтіледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024