Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жылдық жоспар 101,9%-ке орындалды. Жоспар бойынша 7 741,2 млрд теңге болса, 148,9 млрд теңге жоспардан тыс орындалып, нақты 7 890 млрд теңге түсті. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салық түсімдері бойынша республикалық бюджет жоспары 101,8%-ке орындалды. 5 592,4 млрд теңгенің орнына 5 694,9 млрд теңге (+102,5 млрд. теңге) түсті.
Жергілікті бюджеттің салықтық түсімдері бойынша динамика 102,2%-ті құрады, жоспар бойынша 2 148,8 млрд теңге болса, нақты 2 195,1 млрд теңге түсті, 46,4 млрд теңге асыра орындалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024