Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметінше, 2018 жылдың ішінде әкімшілік полиция органдары барлық үлгідегі 1 194 254 көлік құралын (мәмілелерді, қайта рәсімдеуді, автокөлік иелерін ауыстыруды қоса алғанда) есепке қойды, бұл 2017 жылға қарағанда 14,8%-ға көп. Бұл туралы ҚАБҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жылдың алғашқы айлары аз ғана тіркеу санымен ерекшеленетініне қарамастан, бірінші тоқсан 2017 жылдың екінші тоқсанының нәтижелерін басып озды (259 810 қарсы 253 193 тіркеу). Жыл басындағы орташа өсу қарқыны + ай сайын 7,5%. Белсенділіктің өсуінен басқа, нарықта екінші тоқсаннан бастап, мемлекеттік нөмірдегі G, I, J, Q жаңа әрпімен ақылы комбинациялар да қайта тіркеуге өз үлесін қосты. Жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асатын 15 мыңнан астам мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері сатылды.
2018 жылдың маусым айының соңында халық көп қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысы таратылды. Қазақстан картасында Түркістан облысы, орталығы Түркістан қаласы және Республикалық маңызы бар Шымкент қаласы пайда болды. Екінші тоқсанда 303 606 көлік құралы есепке алынды. Жазда өсу қарқыны бәсеңдеді, бірақ сандық түрде тіркеу айына 100 мыңнан төмен болған жоқ. Күзде қайта сатып алу-сату мәмілелерінің саны артты, ал 2018 жылдың қазан айында соңғы үш жылдағы тіркеу саны бойынша рекорд болды (112 895 тіркеу).
Тіркеудің жалпы санының қаңтар-желтоқсан айларында бастапқы тіркелу үлесі 6,8%-дан 7,1%-ға дейін өсті.
2018 жылдың басынан бастап қайта тіркелген тіркеулердің жалпы санының үштен екісі 10 жылдан асқан (790 171 бірлік) техниканы құрады. 20 жылдан асқан техниканы тіркеудің ең көп үлесі - 464 236 авто. 10 жылдан 20 жылға дейін - 325 935 бірлік. 3 жылдан 10 жылға дейінгі техникаларға 290 205 авто, 3 жылға дейінгі техникаларға 112 833 авто тиесілі.
Өңірлер бөлінісінде 2018 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында (Шымкент және Түркістан облысын қоса алғанда) 173 925 автокөлік тіркелген. Алматы облысында жыл басынан бері 173 453 көлік құралы, Алматыда (151 030 бірлік) және Астанада (101 431 бірлік) есепке алынды. Қарағанды облысы – 81 967 автокөлік.
Жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтар Toyota, LADA (ВАЗ), Mercedes-Benz (Daimler), Volkswagen және Audi автокөліктерін тіркей бастады. Жеке тұлғалардың үлесіне 94% тіркеу, 6% заңды тұлғалар үлесіне келеді. Қазақстанда барлығы 4 млн-нан астам автомобиль тіркелген.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024