Экономика
2018 жылы Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік жоғарғы вольтты желілерінің құрылысы аяқталады
2018 жылы Қазақстанда электр таратушы Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік жоғарғы вольтты желілерінің құрылысы аяқталады. Оның құрамына Екібастұз-Семей-Өскемен және Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма бағытындағы желілер кіреді. Бұл туралы «KEGOC» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.
Оынң сөзінше, жобаның жалпы құны 120 млрд теңгені құрайды. Құрылыс кезінде 1,8 мың жұмыс орны пайда болады. Қазірдің өзінде желінің 130 шақырым салынып, 130 шақырым сым жөнделіп, "Семей" қосалқы бекетінің жарты бөлімі соғылып қойды.
"Келесі жылы тағы 200 шақырымдық желі салуды, "Семей" қосалқы бекетіндегі құрылғыларды жөндеуді жоспарлап отырмыз",-деп атап өтті ол.
Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғаннан Алматыға дейінгі аумақта құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғандығын да мәлімеді.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024