Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда қырыққабаттың бағасы бірден 54%-ға өсті.
Ал, тары 30,2%-ға қымбаттады. Қант бағасы орта есеппен 16,8%-ға өсті.
Өз кезегінде күріш 16,6%-ға, құс еті – 14,9%-ға, ұн – 12,6%-ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің құны 11,6%-ға, ірімшік – 11,2%-ға, жылқы еті – 10,5%-ға, ұнтақ жармасы – 10,5%-ға жоғарылады.
Ал, пияз 10,2%-ға, сары май – 9,7%-ға, балық – 9,3%-ға, алкогольді ішімдіктер – 9,1%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар, нан, шұжық, макарон, жұмыртқа, сиыр еті, сүт, қаймақ, айран және сусындар қымбаттай түсті.
Бұл ретте картоп (26,8%-ға), қарақұмық жармасы (10,4%-ға), сәбіз (6,9%-ға) және жемістер (3%-ға) құны І жартыжылдықта төмендеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024