Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстанда жанармай өндіру көлемі 17,2 млн тонна деңгейінде болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінде хабарлады.
"2019 жылы өсім 2018 жылға қарай 5% - ға (конденсат пен каспийбитумды ескере отырып) 17,2 млн тонна көлемінде, оның ішінде үш МӨЗ-де өңдеу жоспары - 16,2 млн тоннаға (2018ж-15,34) жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Атырау МӨЗ – де 5,4 млн тонна (өсім 2,5% ), Шымкент МӨЗ – де ("ПетроҚазақстан Ойл Продактс "ЖШС) - 5,4 млн тонна (14,1%-ға артық), Павлодар МХЗ - 5,4 млн тонна (1,1%-ға артық), " Конденсат "АҚ - 220 мың тонна (0,5% - ға кем), "CASPI BITUM" ЖШС - 770 мың тонна (0,6% - ға кем) қайта өңдеу жоспарланған.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, өсім үш МӨЗ-де өңдеу көлемін 0,86 млн тоннаға немесе 5,6% - ға арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.
"2019 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру (авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут) 12,2 млн тоннаны құрайды, 2018 жылға қарай өсім 5,2%", - деді баспасөз қызметі.
2018 жылы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,6 млн тоннаны құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024