Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — 2020-2022 жылдарға арналған Бюджет арнайы ақпараттық жүйенің көмегімен автоматты түрде қалыптастырылатын болады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, мұндай шаралар мемлекеттік шығындарды барынша тиімді бағалауға мүмкіндік береді.
"2020-2022 жылдары бюджет жаңа тәсілмен қалыптастырылатын болады. Қазір пилот іске қосылды", - деді Б. Шолпанқұлов.
Сонымен қатар, Шолпанқұловтың ақпараты сәйкес, II жартыжылдықтан бастап бюджеттен барлық субсидиялар автоматтандырылады.
"Ауыл шаруашылығы министрлігімен біз жобаны пилоттық режимде жүргіздік. Жалпы барлығы сәтті, бірақ кемшіліктер бар және олар жойылады. Автоматтандыру бизнесті қолдауға бөлінген қаражаттың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Біз бұл тәжірибені субсидиялардың барлық түрлеріне таратуды жоспарлап отырмыз", - деді министрліктің өкілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024