Экономика
2020 жылдан бастап колледж студенттерінің кредиттері ЖОО-на өту кезінде ескеріледі
Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - Колледж студенттерінің Жоғары оқу орындарында білім алуы қолайлы болады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
«Жаңа оқу жылының басынан 46 колледжде серіктес-ЖОО-мен бірге пилоттық жағдайға көшеді, енді колледж студенттері алған кредиттер ЖОО-на өту кезінде ескеріледі. Әзірге пилоттық жағдайда, келесі жылы толық жүзеге асады»,-деді Ерлан Сағадиев.
Бұл колледж студенттеріне Жоғары оқу орындарына 4 жылдан аз оқуға мүмкіндік бермек.