Нұр-Сұлтан. 19 тамыз. 7kun.kz – 2023 жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Келесі жылдан бастап үш ауысымды мектептерден басқа барлық мектептер бес күндік жұмыс форматына көшеді деп шештік. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерлерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалуы, балаларымен бірге болуы керек деп есептейміз. Бұл мектеп директорлары мен тәрбиешілерге де қатысты», – деді министр.
Ведомство басшысы бұл шешім мұғалімдердің демалыс ақысына әсер етпейтінін айтты. Демалыс уақыты – 56 күн – өзгеріссіз қалады.
«Мектеп директорларына мынаны айтқым келеді: сенбі күні кейбір әріптестер әдістемелік күндер өткізіп немесе мұғалімдерді қалай да болсын мектепке шақыртып алады, менің ойымша, бұл практиканы тоқтату керек. Мұғалімдер де, директорлар да бес күн жұмыс істеуі керек», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024