Экономика
22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда ресми түрде жұмыс істейді – министр
Астана. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Ресейдің 22 мыңнан астам азаматы Қазақстанда ресми түрде жұмыc істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министр ресейліктердің Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсаты бар екенін атап өтті.
«Бүгінде 22 мыңнан астам ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған», – деді министр үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, қазақстандық және шетелдік компанияларда 14 мыңнан аса шетел азаматы еңбек етіп жүр. Оларға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024