Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алды.
Орталықта көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген.
Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.
Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.
Айта ктейік, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024