Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

24 ақпанға арналған ресми валюта курсы

24 ақпанға арналған ресми валюта курсы

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 24 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 312,65 теңге, 1 еуро — 329,60 теңге, Ресей рублі — 5,39 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 389,75 теңге, жапон йені— 2,76 теңге, 1 қытай юаны — 45,47 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,52 теңге, 100 өзбек сумы— 9,47 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 23 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 312,65 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Похожие материалы